07.09.2006, 10:51 2564

Қарағандыда 14 500 гектар аумақты шарпыған далалық өрт жалғасуда

АСТАНА. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағандыда 14 500 гектар аумақта дала жанып жатыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мекеме ақпаратына сәйкес, 6-қыркүйекте 19 сағат 40 минутта Қарағанды облысының Абай ауылында 10 мың гектар аумақты шарпыған өрт шықты. Өртті сөндіру желдің бағыты өзгеруге байланысты қиындай түсті. Өртті сөндіруге 35 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 25 адамы мен 5 арнаулы техникасы жұмылдырылды.
Облыстың Шет ауданында 5-қыркүйекте 11 сағат 30 минутта 1000 гектар аумақты шарпыған далалық өрт шықты. Оның ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 арнаулы техникасы тартылды.
Сонымен бірге 4-қыркүйекте 12 сағат 37 минутта Қарқаралы ауданында, Темірші ауылдық округінің Татан ауылынан шығысқа қарай 35 шақырымда тағы далалық өрт шықты. Өрт 300 гектар аумақты шарпыды. 6-қыркүйектегі 18 сағаттағы жағдаймен өрт 2500 гектар аумаққа жайынды. Оны сөндіруге 60 адам мен 13 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны