10.12.2007, 11:20 1814

Қарағандыда 1 кг астам героин тәркіленді

Қарағандыда 1 кг астам героин тәркіленді

Астана. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігінің Қарағанды қалалық ішкі істер департаментінің есірткі саудасымен күрес және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармаларының қызметкерлері жұма күні шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 1 кг 20 грамм есірткі затын анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі саудасымен күрес комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі ішкі істер департаментінің есірткі саудасымен күрес және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармаларының қызметкерлері Қарағандыдағы "Меридиан" автокешенінің маңында уақытша жұмыс істемейтін 1973 жылы туған азаматты тұтқындаған. Оның "Мерседец-Бенц" автокөлігін тінту кезінде 1 кг 20 грамм мөлшеріндегі героин табылып, есірткі заты тәркіленді.

"Ұсталған тұлға уақытша тергеу изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны