23.01.2012, 13:48 3579

Қарағандыда 20 жасар жігітті пышақпен жарақаттап, ұялы телефон мен екі ноутбукті қолды қылған қылмыскер ұсталды

"Қарағандыда жексенбі күні, 22 қаңтарда, сағат 9:00-де ұзақ уақыт бойы үш студент жалдап тұрып жатқан Илиханов көшесі бойындағы үйдің бір пәтеріне қолында пышағы бар белгісіз еразамат басып кірді. Қаскүнем 20 жасар жігітке пышақ салып, Nokia телефоны мен екі ноутбукты алып, қашып кеткен. Шығын көлемі 260 мың теңгеге теңесті", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қарағанды. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағандыда 20 жасар жігітті пышақпен жарақаттап, ұялы телефон мен екі ноутбукті қолды қылған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ноутбук пен ұялы телефон Қарағандыдағы студенттің үйіне қарулы шабуыл жасауға себеп болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облысы ішкі істер департаментінен хабарлады.

"Қарағандыда жексенбі күні, 22 қаңтарда, сағат 9:00-де ұзақ уақыт бойы үш студент жалдап тұрып жатқан Илиханов көшесі бойындағы үйдің бір пәтеріне қолында пышағы бар белгісіз еразамат басып кірді. Қаскүнем 20 жасар жігітке пышақ салып, Nokia телефоны мен екі ноутбукты алып, қашып кеткен. Шығын көлемі 260 мың теңгеге теңесті", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицейлердің мәлімдемесіне сәйкес, ізі суымастан Бұқар жырау даңғылы бойындағы "Кеншілер" мәдениет сарайының маңында Қарағанды қаласы ІІБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 18 жасар Қарағанды қаласының тұрғынын ұстады.

Қарулы шабуыл оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс қаруы мен дәлелді айғақтар тәркіленді.

Зардап шеккен жігіт кеуде мен сол жақ білегінен алған пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысы әрі қарай жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны