27.04.2011, 11:54 4202

Қарағандыда "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында болған өрт салдарынан 319 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Қарағандыда "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында болған өрт салдарынан 319 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 27 - сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында болған өрт салдарынан 319 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда "АрселорМитталТеміртауға" тиесілі Костенко атындағы шахтада көмір тұтанған. Төтенше оқиға сейсенбі күні болды, деп хабарлады Костенко атындағы шахтаның директоры Дмитрий Черепов.

"Апат учаскелердің бірінде болды. Шахтада көмір қышқылданып, жана бастады. Жану барысында иісті газ шықты, шахтерлар уақытында байқады", - деді Д.Черепов.

Жану барысында жер астында 319 шахтер болған. Барлығы құтқарылды. Бір сағаттан кейін адамдар шахтаға қайтадан түсті. "АрселорМитталТеміртау" кәсіпорнының кеншілеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Бұндай өрттер жиі болып тұрады. Тиісті шаралар қабылдадық, шахта қалыпты жағдайда істеп жатыр", - деді директор шахтасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны