19.07.2006, 16:17 2926

Қарағандыда атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды

ҚАРАҒАНДЫ. 19 шілде. Kazakhstan Today. Қарағандыда атыс салдарынан екі адам мерт болды, тағы екеуі жарақаттанды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атыс 16 шілде күні металл базасы ауданында Резник көшесінде болған. ІІД баспасөз-қызметінің мәліметі бойынша, осы база қожайындары болуы мүмкін шешен нәсілді үш ер азаматқа бірнеше көлікпен ингуш ұлтының бір топ адамы келген. Араларында ұрыс басталып, соңы атысқа айналған. Нәтижесінде екі адам оқиға орнында мерт болып, жарақат алған екі азамат ауруханаға жеткізілді. Қалғандары оқиға орнынан жасырынып үлгерген.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, екі жақтың шығыны тең. Облыстық ІІД баспасөз-қызметінің бастығы Базарбек Құлтаев, тергеу барысында екі тараптың бір біріне ешқандай араздығы болмағаны анықталғанын айтады. Бірақ жанжалдың себебі белгісіз.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 96 бабына сәйкес (кісі өлімі) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Алдын ала мәліметке сәйкес, атыс кезінде Макаров тапаншасы мен «Сайга» мылтығы қолданылған.

Полиция қызметкерлері атыс ұлт арасындағы араздықтан туындауы мүмкіндігін жоққа шығарды. «Жанжалдың шығуына, ақша себеп болуы ықтимал», - дейді полицейлер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны