09.04.2007, 16:11 3100

Қарағандыда бас бостандығынан айыру мекемелеріне есірткі партиясын беруді жоспарлаған қылмыстық топ құрықталды

АСТАНА. 9 - сәуір. Kazakhstan Today. Қарағандыда бас бостандығынан айыру мекемелеріне есірткінің ірі партиясын беруді жоспарлаған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, Б. Қожахметов, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып жүргізген жедел - іздестіру шаралары барысында "Атабаевтар" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен екі мүшесі ұсталды. Олардың жалдап тұрып жатқан пәтерлерінен 1,3 кг марихуана мен 30 граммнан астам апиын тәркіленді. Есірткіні Қарағандының қылмыстық ортасында атышулы бір қылмыскер әкелгені белгілі болды. Салмағы 115 грамм гашиш тәркіленген ол да қамауға алынған".

"Аталмыш есірткі заттарын Қарағанды облысының аумағында орналасқан түзету колонияларындағы сотталғандарға жөнелтпек болған",- деп хабарлады Б. Қожахметов.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының ақпараттарына сүйенсек, Қарағандыда полицейлер "Сәтеновтар" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді екі мүшесін құрықтаған, олардың әрқайсысынан 1 граммнан астам героин тәркіленген. "Қарағанды облысының полицейлері ұстаған "Айдархановтар"атты ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшелерінен жиырма грамм гашиш табылып, тәркіленді",- делінген орталық таратқан баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны