01.07.2010, 18:05 2820

Қарағандыда БМВ көлігі мен кеншілердің автобусы соқтығысып, бес адам зардап шекті, олардың бірі алты жасар бүлдіршін

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қарағандыда, бейсенбі, шілденің 1-і күні таңғы сағат алтыда, Магнитогорский көшесінде "БМВ" автокөлігі мен "ЛАЗ-М-699" автобусының соқтығысып қалды.

Қарағанды. 1-шілде. Kazakhstan Today Қарағандыда бүгін таңертең БМВ көлігі мен кеншілердің автобусы соқтығысып, бес адам зардап шекті, олардың бірі алты жасар бүлдіршін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қарағандыда, бейсенбі, шілденің 1-і күні таңғы сағат алтыда, Магнитогорский көшесінде "БМВ" автокөлігі мен "ЛАЗ-М-699" автобусының соқтығысып қалды.

Жол-көлік апатының салдарынан бес адам, БМВ автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен автокөлік ішіндегі 16,17 және 13 жастағы үш қыз бала және 34 жастағы ер адам жарақат алды.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді, деп көрсетілген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны