18.06.2010, 12:26 2776

Қарағандыда "Боинг 737" ұшағының апаттық жағдайда қону себебін арнайы комиссия анықтайды

Иуежай қызметкерлерінің хабарлауынша, Қарағанды әуежайына апаттық жағдаймен қонуға мәжүбір болған ұшақтағы 140 жолаушы кеше Астана уақытымен 13.45 "Скат" авиакомпаниясы шығарған басқа ұшақпен Түркияға ұшып кеткен.

Қарағанды. 18-маусым. Kazakhstan Today ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қарағанды әуежайында орын алған төтенше жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Иуежай қызметкерлерінің хабарлауынша, Қарағанды әуежайына апаттық жағдаймен қонуға мәжүбір болған ұшақтағы 140 жолаушы кеше Астана уақытымен 13.45 "Скат" авиакомпаниясы шығарған басқа ұшақпен Түркияға ұшып кеткен.

Алдын ала жасалған болжамдар бойынша, "Боинг 737" ұшағының апаттық жағдаймен қонуына ұшақ қозғалтқышына құс кіріп кетуі себеп болуы мүмкін,- деп хабарлады журналистерге "Скат" авиакомпаниясының өкілі, ұшқыш-инспектор Владимир Евдокимов.
Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық рейспен Түркияға бет алған ұшақ сағат таңғы жетіде шыққан. Ал 7 сағат 44 минутта оң жақ қозғалтқыш жұмысының дұрыс еместігі туралы ақпарат келіп түскен. Кеме командирі апатты жағдайда Қарағандыға қону туралы шешім қабылдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны