15.07.2009, 17:43 2665

Қарағандыда бүгін болған үш ірі жол апатынан 30 адам, соның ішінде 9 бала зардап шекті

Қарағандыда бүгін болған үш ірі жол апатынан 30 адам, соның ішінде 9 бала зардап шекті

Қарағанды. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда бүгін болған үш ірі жол апатынан 30 адам, соның ішінде 9 бала зардап шекті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне жедел медициналық жәрдем қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарағандыда бүгінгі сағат 12.40 шамасында Бейбітшілік бульвары мен Гоголь көшесінің қиылысында №43 және №52 бағыттағы екі жолаушылар автобусы соқтығысты.

Төтенше жағдайлар департаментінің алдын-ала мәліметінше, апат салдарынан төрт адам, соның ішінде екі бала ауруханаға жатқызылды. Жедел жәрдем дәрігерлері оқыс оқиға орнында 20-дан астам адамды қарады.

Сондай-ақ, №43 автобус салонында №17 мектептің 0-3 сынып оқушылары болғаны анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны