17.09.2007, 17:32 2814

Қарағандыда "Грейс" миссионерлік шіркеуі ғимаратынан психотроптық зат табылды

Қарағандыда "Грейс" миссионерлік шіркеуі ғимаратынан психотроптық зат табылды.

Қарағанды . 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда "Грейс" миссионерлік шіркеуінің ғимаратынан психотроптық зат табылды, күшті әсер ететін емдік затты не себепті сақталғандығы анықталуда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, діни бірлестіктің іс-қызметін тексеру барысында шіркеуге келушілердің мүліктерін иеліктен шығаруға қатысты бірқатар күдікті деректер анықталған. "Бір дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабы (алаяқтық) бойныша қылмыстық іс қозғалды",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, тергеуде бір діни ілімнің басқалармен салыстырғанда ерекшелігін насихаттайтын материалдар бар. "Бұл материалдар тексеріледі. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Олар сондай-ақ "шіркеудің жекелеген өкілдерінің іс-әрекеттерін мемлекеттік органның іс-қызметіне араласу және тергеу органдарын қысымшылық көрсету, деп бағалауға болады", деп қосты.

Баспасөз қызметіндегілер, "жуықта бұқаралық ақпарат құралдарында "Грейс" христиан дінін таратушы шіркеу діни бірлестігінің жекелеген өкілдері құқық қорғау органдарының заңды іс-қызметіне көңілдерінің толмайтындықтарын білдіру үшін аштық жариялағандығы туралы хабарлама пайда болғандығын" еске сала кетті. "Облыс прокуратурасы құқық қорғау органдарының іс-қызметінің заңдылықты бұзуын қадағалауды жүзеге асыру барысында заң бұзушылықтар анықтамаған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Олар "қылмыстық істі тергеуді облыс прокуратурасы бақылауына алғандығын" нақтылап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны