13.05.2009, 16:40 1396

Қарағандыда ішінде өлтірілген иесінің мәйіті бар автокөлік бір жарым ай бойы аудандық полиция бөлімінің қарсы алдында тұрған

Қарағандыда ішінде өлтірілген иесінің мәйіті бар автокөлік бір жарым ай бойы аудандық полиция бөлімінің қарсы алдында тұрған

Қарағанды. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда ішінде өлтірілген иесінің мәйіті бар автокөлік бір жарым ай бойы аудандық полиция бөлімінің қарсы алдында тұрған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлікті Терешкова көшесіндегі №35 үйдің ауласынан тапқан, ал полиция бөлімшесі Терешкова көшесіндегі №36 үйде орналасқан.

"БМВ-728" автокөлігінің иесінің мәйіті өз көлігінің артқы орындығында қолы матаулы, тамағынан буындырылған күйінде табылған.

Ақтас ауылында тұратын 27 жастағы жеке кәсіпкер 2009 жылдың 18 наурызынан бері хабар-ошарсыз кеткендердің санатында болған. Сот- медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ол буындырылып өлтірілген. Қазір тергеу жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны