20.12.2006, 15:05 2925

Қарағандыда қарақшылық шабуыл жасағандығы үшін үш оқушы қыз ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қарағандыда қарақшылық шабуыл жасаған деген күдікпен мектепте оқитын үш қыз ұсталды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Қазыбек би ауданының ІІБ баспасөз қызметі.

Полицейлердің ақпаратына сүйенсек, № 23 мектептің 9-шы сынып оқушылары өздерінің құрбысына пышақпен сес көрсетіп, ұялы телефонын тартып алған. Қыздың ұялы телефонды оның сыныптастарының тартып алғандығын әкесіне айтуға қорыққандығына байланысты, жәбірленушінің әкесінен полицияға бір тәуліктен кейін арыз түсті.

Құрықталған қыздар жағдайы төмен отбасыларынан. Ұстау барысында олардан тағы бір қымбат бағалы ұялы телефон аппараты табылды. Тексеру кезінде екінші телефон аппаратының да қорқыту арқалы сыныптасынан тартып алынғандығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 179-бабы бойынша (алдын ала келісім арқылы топпен жасалған қарақшылық, бірнеше рет және қару қолдану арқылы) екі қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған мектеп оқушыларынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, босатылды.

ІІБ баспасөз хатшысы Валентина Ерещенконың сөзіне сүйенсек, қыздар небәрі 15 жаста, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. "Олардың өз кінәларын мойындауларына қарамастан, тіптен арыз жазған ата-аналар өз арыздарын қайтарып алған жағдайда да бұл бап қылмыстық істің жабылуын қарастырмайды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны