11.03.2013, 15:37 4101

Қарағандыда кәрізден 5-6 айлық баланың эмбрионы табылды

"Кәріз тұндырғысынан ол жатыр ішінде 5-6 ай ғана жетіліп үлгерген еркек баланың эмбронын тауып алды. Мұндай жан түршіктірер олжа туралы әйел бірден полицияға хабар жеткізген", - деп хабарлады полициядан.

Қарағанды. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Мұндай жан түршіктірер олжаға "Қарағанды-су" ЖШС сорғы стансасының кәріз тұндырғысынан қондырғыны тексеру кезінде 36 жасар кезекші машинист әйел тауып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Кәріз тұндырғысынан ол жатыр ішінде 5-6 ай ғана жетіліп үлгерген еркек баланың эмбронын тауып алды. Мұндай жан түршіктірер олжа туралы әйел бірден полицияға хабар жеткізген", - деп хабарлады полициядан.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, алдын ала тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиғаның мән-жайы соған сәйкес анықталатын болады. Қазір бала эмбрионының қашан қаза болғанын және себебін анықтау үшін сот медициналық тергеу жұмыстары белгіленді. Оның анасын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тексеру нәтижесі бойынша іс-жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны