14.02.2012, 10:24 4013

Қарағандыда кәсіпкер туысынң пәтерін тонаған қылмыскерлер ұсталды

Қарағандыда ерлі-зайыпты кәсіпкердің пәтерінен 17,5 мың доллар (2 млн 537 мың 500 теңге) ұрлап кеткен. Бұл туралы Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қарағанды. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Қарағандыда кәсіпкер туысынң пәтерін тонаған қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда ерлі-зайыпты кәсіпкердің пәтерінен 17,5 мың доллар (2 млн 537 мың 500 теңге) ұрлап кеткен. Бұл туралы Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"26 қаңтарда 09.00 мен 10.30 сағат шамасында 38 жасар Нуйкин жұбайымен бірге "Степной-3" шағын ауданындағы пәтерге еніп, тонау жасаған", - деп хабарлады департамент. Тергеу барысында белгілі болғандай, Нуйкин мен зардап шеккен азамат алыс туыс болып табылатын көрінеді.

"Тонау жасалғанға дейін зардап шеккен азамат Нуйкиннің үйінде қонақта болған. Оның әйелі мейманның тонының қалтасынан пәтердің кілтін ұрлап алған. Дүкенге барып келемін деген сылтаумен ол дереу сол кілттердің көшірмесін жасатып әкелген. Соңыра пәтер иесінің жоқтығын пайдаланып, өз туысының үйін тонаған", - деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Шұғыл-іздестіру шаралары барысында ІІД қылмыстық полиция басқармасы мен Оңтүстік Шығыс ТП қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Ақшаның жартысы тәркіленді.

Полиция хабарлағандай, ҚР ҚК 175 бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, оған сәйкес, күдіктілер үштен он жылға дейін мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылулары мүмкін. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны