19.03.2009, 16:23 3022

Қарағандыда "Қазкоммерцбанктің" бір бөлімшесіне қарулы қарақшылық шабуыл жасалды

Қарағандыда "Қазкоммерцбанктің" бір бөлімшесіне қарулы қарақшылық шабуыл жасалды

Алматы. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда "Қазкоммерцбанктің" бір бөлімшесіне қарулы қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше күндіз банктің Қарағандыдағы бір операциялық бөлімшесіне қарулы қарақшылық шабуыл жасалды.

"Бетперде киген белгісіз екі адам сағат 13.30-да банк ғимаратына қарумен басып кіріп, үш оқ атқан. Қару көрсетіп қорқытқан қылмыскерлер қолма-қол ақшаны алуға әрекет жасаған. Алайда бөлімшенің қызметкерлері батыл кәсіби әрекеттердің арқасында оларға өз ойларын жүзеге асыруға ерлікпен жол бермеген. Банкке полиция қызметкерлерінен шұғыл көмек келетінін түсінген шабуылшылар қылмыс орнынан тез арада бой тасалаған", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды қалалық ІІБ қылмыстық іс қозғап, қылмыскерлерді шұғыл іздестіріп жатыр. Банк қызметкерлерінен ешкім зардап шеккен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны