29.12.2007, 10:49 2541

Қарағандыда коллежде мина орнатылғаны, ал Өскеменде дәмханада жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түсті

Қарағандыда коллежде мина орнатылғаны, ал Өскеменде дәмханада жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түсті

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда коллежде мина орнатылғаны, ал Өскеменде дәмханада жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпар келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 желтоқсанда 14 сағатта Қарағанды қалалық ІІД-де коммерциялық колледж ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Сонымен бірге осы күні 20 сағат 30 минутта Өскемен қалалық ІІД-іне дәмханада жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жүргізілген арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны