12.05.2011, 17:23 2772

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйдің балконы құлап, бір зейнеткер мерт болды

Астана. 12 - мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйдің балконы құлап, соның салдарынан бір зейнеткер мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға сәрсенбі күні түс ауа Илиханов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Жоғарғы қабаттағы пәтердің балконының қоршауы мен төбе жабындысы құлаған. Соның салдарынан балконға шыққан 77 жастағы зейнеткер оқиға орнында қайтыс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны