03.07.2006, 12:50 2851

Қарағандыда мәдениет сарайының ғимаратында өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

ҚАРАҒАНДЫ. 3-шілде. Kazakhstan Today. Қарағандыда мәдениет сарайының ғимаратында өрт шықты,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қарағанды облыстық өртке қарсы күрес қызметінен хабарлағанындай, “Майқұдық“ ықшам ауданында орналасқан мәденет сарайында өрт шыққаны туралы ақпарат “01” қызметінің диспетчеріне бүгін таңертең 7 сағат 48 минутта келіп түскен.

Ғимараттың үшінші қабатындағы аппаратура, жиҺаз бен сахна өртенген. Өрт жалпы 80 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өртке үшінші күрделілік дәрежесі берілді. Тілсіз жаумен күреске 14 өрт сөндіру көлігі жіберілді. 60-тан астам өрт сөндіруші бір жарым сағат бойы жалынмен арпалысты. 9 сағат 11 минутта өрт сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны