10.12.2007, 12:59 1814

Қарағандыда "Опель" жүргізушісі бір зейнеткерді қағып өлтірді

Қарағандыда "Опель" жүргізушісі бір зейнеткерді қағып өлтірді

Қарағанды. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда "Опель" жүргізушісі бір зейнеткерді қағып өлтірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты бүгін 7 сағат 41 минутта облыстық аурухана ғимаратының алдында болған.

""Опель" автокөлігінің жүргізушісі 69 жастағы зейнеткер әйелді қағып кетті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жарақат салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны