06.04.2012, 15:37 3741

Қарағандыда опырылған жаңа үй бойынша толық қорытынды шамамен 10-11 сәуірде әзір болады

ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің баспасөз қызметі Қарағанды облысы бойынша қала сәулеті және құрылыс департаменті мәліметтеріне сілтеме жасап Қарағанды қаласындағы "Бесоба" тұрғын үй кешенінің №7 үйі бойынша ақпарат таратқан.

Астана. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда опырылған жаңа үй бойынша толық қорытынды шамамен 10-11 сәуірде әзір болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің баспасөз қызметі Қарағанды облысы бойынша қала сәулеті және құрылыс департаменті мәліметтеріне сілтеме жасап Қарағанды қаласындағы "Бесоба" тұрғын үй кешенінің №7 үйі бойынша ақпарат таратқан.

2012 жылғы 6 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 10.50-де Қарағанды қаласында Республика даңғылындағы "Бесоба" тұрғын үй кешенінің 5 қабатты сегіз секциялы тұрғын үйінің 4 секциясы опырылды.

"Бесоба" тұрғын үй кешеніне бес бес қабатты және екі он қабатты тұрғын үйлер кіреді. Олардың: 2007 жылы - №5 үйі (65 пәтер), 2008 жылы - №6 үйі (65 пәтер) және 2009 жылы - №7 үйі (124 пәтер) пайдалануға берілді. №4 үйдің даярлық дәрежесі - 70 пайыз, №3 үй - 30 пайыз, ал №1 және №2 үйдің құрылыстары басталған жоқ.

Құрылыс салушы - "Сервиспромснаб" ЖШС.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны