06.06.2011, 12:36 2937

Қарағандыда сауда - ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы берілген жалған ақпарат салдарынан 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, колонияда жазасын өтеп жатқан 40 жастағы сотталған азаматқа лаңкестік әрекет туралы қасақана жалған қоңырау шалды деген күдік келтірілуде.

Қарағанды. 6 - маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыда сауда - ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы берілген жалған ақпарат салдарынан 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен сенбі күні Қарағандыда "City MALL" сауда-ойын-сауық орталығы "миналанғанын" ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, колонияда жазасын өтеп жатқан 40 жастағы сотталған азаматқа лаңкестік әрекет туралы қасақана жалған қоңырау шалды деген күдік келтірілуде.

Хабарланғандай, өткен сенбі күні түскі сағат үште "102" кезекші бөліміне Бұқар Жырау даңғылы, 59/2 мекен-жайында орналасқан "City MALL" сауда-ойын сауық орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түскен. Хабар алынысымен ғимараттан дереу 4 мың адам, соның ішінде 398 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған шұғыл әрекет ету қызметі, соның ішінде ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД-ның 36 адамы (9 техника) арнайы іс-шаралар жүргізіп, оның барысында қауіпті затты таппады.

"Облыстық ІІД экстремизммен күрес жөніндегі бөлімінің, Абай аудандық ішкі істер бөлімі мен Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде қоңырау шалынған нөмір анықталды. Қоңырауды кісі тонау қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан 40 жастағы азаматтың шалған болып шықты", - делінген ІІД баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны