15.01.2010, 14:38 2693

Қарағандыда шұғыл жағдайда қонған ұшақ бортында жолаушы қайтыс болды (толықтырылған)

Қарағандыда шұғыл жағдайда қонған ұшақ бортында жолаушы қайтыс болды (толықтырылған)

Қарағанды. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағандыда жолаушылар тасымалдайтын ұшақ бір жолаушының халі төмендеп кетуге байланысты шұғыл қонуға мәжбүр болды, бірақ жолаушы жедел жәрдем көлігі келмей, ұшақ бортында көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағандыдағы "Сарыарқа" әуежайының бір қызметкеріне сілтеме жасап.

""Боинг А-319" ұшағы кеше кешке Астанадан Алматыға қарай ұшып шыққан, ұшақта 83 адам, соның ішінде 55 жастағы бір ер адам болған. Ол тіпті ұшақ жерден көтерілмей жатып өзін нашар сезінген. Кейін белгілі болғанындай, оның жүрегінде дімкәстік болған. Осы жолғы ұшу сапарына дейін ол екі рет инфаркт алған", - деп хабарлайды әуежайдағылар.

Иуежай қызметкерінің айтуынша, ұшқыштар Қарағандыда шұғыл жағдайда қонуға мәжбүр болды. Жедел жәрдем көлігі шақырылғанымен, ер адам дәрігерлер келіп үлгермей жатып қайтыс болды.

Жедел жәрдем қызметкерлері оның өлімін тіркеді. Дәрігерлер анықтағандай, қайтыс болған адам Алматы қалалық сотының судьясы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны