20.04.2012, 16:09 3498

Қарағандыда стоматологиялық кабинет өртенді

Бейсенбі, 19 сәуір күні Қарағандының Ермеков көшесінде орналасқан стоматологиялық кабинеттің қосалқы бөлмесінде өрт болды. 12 шаршы метр аумақты шарпыған оттың салдарынан күйік жарақатымен 48 жастағы стоматолог дәрігер ауруханаға жеткізілді, 17 адам құтқарылып, 10-ы қауіпсіз жерге көшірілді.

Астана. 20-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласында өрт шыққан стоматологиялық кабинеттен 17 адам құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі, 19 сәуір күні Қарағандының Ермеков көшесінде орналасқан стоматологиялық кабинеттің қосалқы бөлмесінде өрт болды. 12 шаршы метр аумақты шарпыған оттың салдарынан күйік жарақатымен 48 жастағы стоматолог дәрігер ауруханаға жеткізілді, 17 адам құтқарылып, 10-ы қауіпсіз жерге көшірілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Қарағанды облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 31 адамы мен 10 техникасы, ҚР ТЖМ "Апатты медицина орталығы" ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны