13.09.2006, 14:08 3051

Қарағандыда тәртіп сақшылары студентті өлтіруге қатысты қылмысты әшкереледі

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағандыда тәртіп сақшылары 17 жастағы студентті өлтіруге қатысты қылмысты әшкереледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ қылмыстық полициясы комитетінен хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, 31-тамызда Қарағанды политехникалық университетінің студентінің мәйіті өз үйінің жанынан табылған болатын. Ол жүрек тұсынан жарақаттанған.

Шұғыл тергеу тобының анықтағанындай, жігіт әкесі қайтыс болған досына көңіл айта барып, үйіне қайтып келе жатқан. Тергеу барысында қылмысты 23 жастағы Қарағанды тұрғыны жасағаны анықталды. Жұмыссыз жігіт қылмысты мойындады. Полицияның хабарлауынша, жігіттің күдіктіге темекі беруден бас тартуы осындай оқиғаға себеп болған.

Тәртіп сақшылары қылмыскерден қылмыс құралы - қолдан жасалған пышақты тәркіледі. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны