10.06.2013, 16:11 4310

Қарағандыда тұрғын үйдің балконы опырылып, екі адам қаза болды

9 маусым күні Қарағандыда іргесі 1932 жылы қаланған үйдің балконының жақтауларын бөлшектеу барысында 3-інші қабаттағы балкон опырылып құлады.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласында тұрғын үйдің балконының опырылып құлауынан екі жұмысшы ажал құшты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

9 маусым күні Қарағандыда іргесі 1932 жылы қаланған үйдің балконының жақтауларын бөлшектеу барысында 3-інші қабаттағы балкон опырылып құлады.

Сол уақытта балконда болған пәтердің қожайыны жалдаған 35 жастағы екі жұмысшы ауруханаға жеткізіліп, онда алған жарақаттардан көз жұмды.

Балконның қалған бөлшектері ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД-ның 3 маманының және бір техниканың көмегімен бұзылып алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны