07.04.2011, 14:07 3666

Қарағандыда тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, жалыннан қашқан қыз бесінші қабаттағы балконнан секіріп кеткен

Қарағандыда тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, жалыннан қашқан қыз бесінші қабаттағы балконнан секіріп кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, жалыннан қашқан қыз бесінші қабаттағы балконнан секіріп кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыда болған өрттің салдарынан 19-жастағы қыз бесінші қабаттағы балконнан секіріп аман қалған.

6-сәуір күні Қарағандыдағы көпқабатты тұрғын үйдің екі пәтерінде қатар өрт шыққан. Тілсіз жау 42 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Бесінші қабаттағы балконнан секіріп, соның салдарынан алған түрлі жарақаттармен 1992-жылы туған қыз ауруханаға жатқызылған. Сондай-ақ, тағы бір ер азамат ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарлады ТЖМ.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 29 қызметкері мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны