17.01.2007, 13:30 2738

Қарағандыда Түркия азаматтарына жасалған қарақшылық шабуыл қылмысы әшкереленді

ҚАРАҒАНДЫ. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Қарағандыда өткен жылғы тамыз айында Түркия азаматтарына жасалған қарақшылық шабуыл қылмысы әшкереленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның "Фират Ром"ЖШС қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл жасалған. 5-тамызда фирма директоры жүргізушісімен бірге ЖШС қызметкерлерінің жалақысына арналған аса ірі көлемдегі ақшамен банк кеңсесінен қайтып келе жатқанда оларға шабуыл жасалған.

"14 сағат 40 минут шамасында бетперде киген белгісіз біреулер қару көрсете қорқыту арқылы Түркия азаматтарына қарасты "Ауди-80" автокөлігінен 4 млн. теңгені тонап кеткен",- деп хабарлайды полиция.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы бойынша (қарақшылық шабуыл жөніндегі) қылмыстық іс қозғалды.

Шабуылға қатысы бар деген күдікпен 2007-жылдың 8-қаңтарында тәртіп сақшылары Қарағанды қаласының 20 және 23 жастағы екі тұрғынын құрықтады.

Олар қылмысты мойындады. Осы іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Ұсталғандар тергеу абақтысында отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны