06.04.2012, 11:39 3870

Қарағандыда үлескерлердің қаражатына салынған бес қабатты үй құлады

"Бүгін үйдің апатты бөлігі опырылып құлады, оқиға орнына комиссия мүшелері келді", - деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі Қарағанды қаласы баспасөз қызметіне сілтеме басай отырып.

Қарағанды. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда үш жыл бұрын үлескерлердің қаржысына салынған "Бесоба" кешеніндегі бес қабатты үйдің апатты бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін үйдің апатты бөлігі опырылып құлады, оқиға орнына комиссия мүшелері келді", - деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі Қарағанды қаласы баспасөз қызметіне сілтеме басай отырып.

Бұрын хабарланғанымыздай, 1 сәуір күні бұдан үш жыл бұрын үлескерлердің қатысуымен салынған Қарағандыдағы "Бесоба" шағын ауданының № 7 үйінде құрылыстық салмақ түсетін конструкциялар опырылып құлады. Үйдің сыртқы қабатындағы төртінші және бесінші кіреберістер арасында техникалық қабаттың іргетастық блогының төменгі бөлігі жарылған болатын. Бұл кіреберістердің арасында ғимараттың негізгі тіректері орнынан жылжып кеткен. Екі кіреберістегі пәтерлердің қабырғалары жарылған еді.

Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен 3 сәуір күні тұрғын үйде ескерту шаралар кешенін орындау үшін төтенше жағдай режимі енгізілді.

Қаржы полициясы бұл үйдің құрылысымен айналысқан "Сервиспромснаб" ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты үлескерлерді алдау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Алданған үлескерлердің ақшасын жымқырып, ізін жасырып кеткен компания басшысына іздеу жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны