29.12.2007, 17:40 2969

Қарағандыда "Валют-Транзит" банкіне қатысты іс бойынша айыпталушыларға үкім жарияланды

Қарағандыда "Валют-Транзит" банкіне қатысты іс бойынша айыпталушыларға үкім жарияланды

Қарағанды. 29-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қарағандының №2 аудандық сотында судья Ләззат Сәлімбаева "Валют-Транзит" банкінің жұмысшылар тобына қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Банктің бұрынғы президенті Андрей Беляловты қосқанда бес адамға судья бірдей жаза тағайындады, атап айтқанда 200 АЕК көлемінде айыппұл төлеумен шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырып, үш жыл бойы банк қызметін атқаруға тыйым салды. Осы тектес үкім жарияланған банктің бұрынғы төрт қызметкері Ботагөз Көпеева, Ғабиден Сануарбаев, Светлана Панфилова мен Максим Швачко.

Судья банктің тағы екі қызметкерін - Лариса Ким мен Светлана Паульді ақтап шығарды. Айыпталған жеті адам сот залында қамаудан босатылды.

Сонымен қатар, Л. Сәлімбаева экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті мен прокуратура қызметкерлерінің "тергеу жүргізу барысында заң бұзушылықтарға жол бергендігі" үшін жеке анықтама шығарды.

Үкім жария етілгеннен кейін А. Беляловтың ақтаушысы Лидия Шмакова өзінің қорғауындағы адамды толық ақтауға қол жеткізетіндігін айтты. Осы іс бойынша сотталғандардың ақтаушылары да осындай ниетте.

Бұрын хабарлағанымыздай, облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Алмас Ибдіқасов таратылған "Валют-Транзит" банкінің бұрынғы басшысы Андрей Беляловқа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды сұраған болатын. Прокурор басқа айыпталушыларға 3-4 жыл бас бостандығынана айыру жазасын жүктеуді сұраған.

Естеріңізге сала кетейік, сот алдына "Валют-Транзит" банктің бұрынғы жеті қызметкері тартылып, оларға ҚР ҚК жеті бабы бойынша айып тағылуда. Олар 193- баптың 2- тармағы (заңсыз жолмен алынған ақшаны ақтау); 182 - бап (алдау арқылы мүлік шығынын келтіру); 192- бап (заңсыз кәсіпкерлік); 220- бап (банк қаржысын заңсыз пайдалану); 228- бап (коммерциялық ұйымдардың мүддесіне қарсы қылмыс, құзырын асыра пайдалану); 325- бап (жалған құжаттарды жасау); 218 бап (бухгалтерлік тәртіпті бұзу) бойынша сот алдында жауап берген болатын.

Қаржылық топтың қызметінен келген шығын 6,5 млрд теңге деп бағаланған болатын. Тергеу болжамдары бойынша, барлық қаржы операциялары банкпен ауыз жаласқан компаниялардың есепшоттары арқылы жасалған. Қылмыстық істің тергеуі барысында шығындарды қайтару мақсатында Қазақстан бойынша 519 нысанға тыйым салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны