09.09.2011, 10:35 3583

Қарағандыда зейнеткердің аяғын автобус жұлып кетті

Қарағандыда 70 жастағы зейнеткер автобусқа мінемін деп аяғынан айрылды. Дәрігерлер оның көлік басып өткен сол аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды.

Қарағанды. 9-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағандыда зейнеткердің аяғын автобус жұлып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда 70 жастағы зейнеткер автобусқа мінемін деп аяғынан айрылды. Дәрігерлер оның көлік басып өткен сол аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Кейуана аялдамаға түсіп үлгермей жатып автобус жүріп кеткен. Сол сәтте сүрініп кеткен ол автобустың астына құлапты. Ауыр салмақ зейнеткердің сол аяғын сындырып өткен. Ибден қансыраған қарияны салондағы жолаушылар автобустың астынан дереу алып шығып, жедел жәрдем шақыртқан. Зардап шеккен тұрғын қазір аурухананың жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

"Жүргізушінің абайсыздығынан осындай жағдай орын алып отыр. Ол жолаушының автобусқа мініп-түсуін қамтамасыз етуі керек болатын. Сондықтан анықтау жұмыстарының қортындысы бойынша жүргізушінің кінәсі бар ма, жоқ па, нақты дәлелденгеннен кейін нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады", - дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жаңатай Сембеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны