07.06.2016, 21:51 10919

Қарағандыда жалған хабарлама салдарынан сауда орталығынан 500 адам эвакуацияланды

7 маусымда, сейсенбі кешке қарай ірі сауда орталығы орналасқан қала алаӊы қоршауға алынды. Оқиға орнында жедел қызмет және полиция қызметкерлері іске кірісіті

Қарағанды. 7 маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыдағы "Орталық универсам дүкені" сауда орталығында жарылғыш құрылғы ізделді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

7 маусымда, сейсенбі кешке қарай ірі сауда орталығы орналасқан қала алаӊы қоршауға алынды. Оқиға орнында жедел қызмет және полиция қызметкерлері іске кірісіті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Сағат 19.35-те Қарағанды ІІБ ЖБО 102 телефонына ОУД-да жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел қызметтердіӊ барлығы келіп жетті. ІІД саперлары ғимаратты толық тінтіп шықты, жарылғыш құрылғы табылмады. Сағат 20.45-те іздеу тоқтатылды", - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Оныӊ айтуынша, оқиғаға байланысты сауда орталығынан келушісі бар, қызметкері бар 500-ге жуық адам эвакуацияланды.

"Полиция қызметкерлері қоӊырау шалынған телефон нөмірін анықтады. Қазір күдіктіні анықтау және қолға түсіру шаралары жасалуда. Материал бірыӊғай сотқа дейінгі тергеулер тізілімінде ҚР ҚК 273 бабы бойынша (Қасақана терроризм актісі туралы жалған хабарлау) тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Б. Құдияров.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны