02.03.2011, 14:52 4015

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

Қарағандыда болған жол апатының салдарынан жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 2 - наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда болған жол апатының салдарынан жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, 1-наурыз күні сағат 14.00 шамасында жедел жәрдем көлігіндегі экипаж жедел жәрдем станциясына келе жатқан. Осы кезде жүргізушінің пультіне науқасқа шұғыл бару туралы хабар келіп түскен.

Жүргізуші кері бұрылмақ болғанда, қарсы бағытта келе жатқан көлікті байқамай қалған. Соның салдарынан жедел жәрдем көлігі "Тойота Авалон" көлігімен соғылған. Қатты соққы салдарынан жеңіл көліктің алды жана бастаған.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен. Бірақ жалын жедел жәрдем көлігіне ұласып үлгерген екен. Екі көлік те жартылай өртенді. Бірақ қайта қалпына келтіруге жарамайды", - деп хабарлады өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны