10.01.2012, 12:43 3575

Қарағандыда жеке тұрғын үй өртеніп, үш адам қаза тапты

9-қаңтар күні Қарағандыдағы Рижская көшесінде жеке тұрғын үй өртенген. Өртті сөндіру кезінде 1981 жылы туған ер адамның және 1978 және 1951 жылғы екі әйелдің мәйіттері табылған.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағандыда жеке тұрғын үй өртеніп, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9-қаңтар күні Қарағандыдағы Рижская көшесінде жеке тұрғын үй өртенген. Өртті сөндіру кезінде 1981 жылы туған ер адамның және 1978 және 1951 жылғы екі әйелдің мәйіттері табылған.

Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны жоюға жеке құрамның 19 маманы мен ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 техника бірлігі жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны