17.04.2012, 11:48 3469

Қарағандыда жеңіл көліктің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік апаты Қарағандының "Голубые пруды" шағынауданында сәуірдің 17-сіне қараған түні болғған.

Қарағанды. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда "Тойота" көлігінің 21 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, олар оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік апаты Қарағандының "Голубые пруды" шағынауданында сәуірдің 17-сіне қараған түні болғған.

"Тойотаның" 21 жастағы жүргізушісі жолдан өтпек болған 43 жасаты ер адам мен 33 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік апатының салдарынан екі жүргінші де оқиға орнында көз жұмды", - деп айтылған облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өлімге әкеліп соқтырған жол-көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны