11.01.2010, 09:23 1552

Қарағандыда жер үйдегі өрт салдарынан бір жасар бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды

Қарағандыда жер үйдегі өрт салдарынан бір жасар бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды

Астана. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағандыда жер үйдегі өрт салдарынан бір жасар бала қаза тауып, үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазыбек би атындағы ауданда Посадочная көшесіндегі екі пәтерлі жер үйде кеше сағат 16.20-да 150 шаршы метр аумақта өрт шықты. Соның салдарынан бір жасар бала күйікке шалдығып, ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ, өрттен кейін 80 және 45 жастағы үш адам ауруханаға жатқызылды.

Өрт Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 9 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 33 адамының күшімен 17 сағат 54 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны