17.11.2009, 16:29 2828

Қарағандыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Қарағандыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Қарағанды. 17 қараша. Kazakhstan Today - Қарағандыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды қалалық жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.

Жол полициясы басқармасының хабарлауынша, жол апаты сағат 8.45-те болған. Көлігінің тізгініне ие бола алмай қалған "Ниссан" жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, №118 бағытты автобусымен соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны соншалық, автобус жолдың жиегіне шығып қалған. Апат салдарынан 53 жастағы "Ниссан" жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Автобустың жүргізушісі, жолсерігі мен екі жолаушысы түрлі дәрежеде жарақаттанды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны