11.03.2011, 14:06 3680

Қарағандыда жолаушылар тасымалдайтын микроавтобус өртеніп кетті

Қарағандыда көше бойында келе жатқан жолаушылар тасымалдайтын микроавтобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 11 - наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда көше бойында келе жатқан жолаушылар тасымалдайтын микроавтобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қарағандыда, қала ортасында №4 маршрут бойынша жолаушылар тасымалдап келе жатқан микроавтобус өртеніп кеткен.

Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, жолаушылардың барлығы аман. Көліктің ішінде болған 10 адам жанып жатқан көліктен өздігінен шығып үлгерген.

Өрт көлік көше қиылысына келіп тоқтаған сәтте басталған. Жалын көліктің алдыңғы жағынан шыққанн. Жүргізуші мен көмекшісі өртті өздері өрт сөндіргіш құралмен сөндірмек болған. Бірақ тілсіз жау дес бермегеннен кейін өрт сөндірушілерді шақырып, солардың күшімен сөндірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны