22.03.2011, 12:49 3315

Қарағандыдағы зәулім үйлердің бірінен 7 адамның денесі табылды

Қарағандының шетіндегі Сортировка аулындағы зәулім үйлердің бірінен 7 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 21 - наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандының шетіндегі Сортировка аулындағы зәулім үйлердің бірінен 7 адамның денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше сағат 18 шамасында Қарағандының шетіндегі Сортировка аулындағы 2 пәтерлі үйлердің бірінен 7 адамның денесі табылған.

Қарағандының Октябрь ауданы прокуратурасының хабарлауынша, жексенбі күні 18 сағатта Теміржол полиция бөліміне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, көршілес көшедегі үйден үш адамның; бір әйел мен екі ер адамның денесін тауып алғандығын хабарлаған.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері куәгерлер болуы мүмкін деген болжаммен қабырғалас үйге бас сұққан. Бірақ бұл үйден де өлген адамдардың денесі табылған. Үйдің ішінде 4 адамның денесі жатқан. Олардың кім екендігі анықталған. Олар жұмыссыз азаматтар, ал біреуі тұрғылықты жері жоқ адам болып шықты",- деп хабарлады прокуратурадан.

Қазіргі уақытта қылмыс әлі ашылған жоқ. ҚР ҚК 96 бабы бойынша қылмысты іс қозғалып, қылмыскерлерді іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны