24.12.2008, 09:39 1663

Қарағандиы облысында өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты

Қарағандиы облысында өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 23 желтоқсанда Қарағанды облысының Бұхар Жырау ауданында өрт шықты. Белағаш ауылының Новая көшесіндегі жер үйде 100 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 3 адамының көмегімен 03 сағат 00 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны