04.05.2016, 14:18 7208

Қарашығанақ кенішінде 22 жұмысшы уланып, медициналық көмекке жүгінді

Олардыӊ 14-і Бөрлі аудандық ауруханасына жатқызылса, 8-і үйлеріне жіберілді

Орал. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кенішінде 22 жұмысшы уланып, медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ 14-і Бөрлі аудандық ауруханасына жатқызылса, 8-і үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

БҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысыныӊ орынбасары Алтын Орынғалиеваныӊ айтуынша, оларға алдын ала клиникалық тұрғыдан жіті ішек жұқпалы ауруы диагнозы қойылған. Жедел эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп, тамақ, судан сынамалар алынды. Бұлардыӊ нәтижесі кейін белгілі болады.

Жұмысшылардыӊ бәрі мердігер ұйым "БатысҚуатҚазақстанСервис" ЖШС-да еӊбек етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны