12.12.2007, 14:28 1625

"Қарасу" күзетінің шекара нарядына шабуыл жасалды

"Қарасу" күзетінің шекара нарядына шабуыл жасалды

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" -"Қарасу" күзетінің шекара нарядына шабуыл жасалды. Бұл туралы агенттікке ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 10 желтоқсанда сағат 22.00 "Кордай" жеке шекаралық комендатурасының "Қарасу" күзетінің шекара наряды шекараға жақын жерде, Қарасу ауылы жағынан келген BMW маркалы қара түсті автокөлігін тоқтатты.

"Көліктен шыққан екі азаматпен бірге ағаштардың арасынан шыққан екі белгісіз адам шекара нарядымен байланысып, оларды балағаттап, қызмет орындарынан кетулерін талап еткен. Шекарашылардың іс-қимылдарына қарсылық көрсетіп, белгісіздер шекарашыларға Қырғыстан жағынан келген "Ниссан Патрол" көлігін тоқтату әрекеттеріне тосқауыл жасады. Көлік Шу өзені арқылы шекарадан өтіп, Қазақстан территориясына бағыт алды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алдын ала ескертіліп, қарудан жоғарыға атылған оққа қарамастан, шабуыл жасағандар нарядтың қару- жарағын тартып алмақшы болған. " Қарсылық әрекеттер кезінде шекарашылардың бірі абайсыздан шабуыл жасағандардың бірінің аяғына оқ тигізген. Содан кейін, шабуыл жасағандар жараланған адамды алып, BMW көлігімен Қордай ауылы жағына беттеді".

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қордайдың орталық аудандық ауруханасында оқ жарақатынан ҚР бір азаматы қайтыс болған. Шұғыл -іздестіру әрекеттері нәтижесінде Қордай ауданының АІІБ бұл іске күдікті ҚР екі азаматы ұстады. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеуде. Болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны