18.04.2013, 14:53 3304

Кәсіпкердің үйіне түскен ұрылар оның әйелі мен келінін өлтіріп кеткен

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сейсенбіге қараған түні болған. Бетін тұмшалаған белгісіз екеу бизнесменнің үйіне баса-көктеп кіріп, 3 млн теңгені ұрлап әкеткен.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Кәсіпкердің үйіне түскен ұрылар оның әйелі мен келінін өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысының Мерке ауданында жергілікті кәсіпкердің үйі тоналды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сейсенбіге қараған түні болған. Бетін тұмшалаған белгісіз екеу бизнесменнің үйіне баса-көктеп кіріп, 3 млн теңгені ұрлап әкеткен.

"Қылмыскерлер үй иесі, оның зайыбы мен келінінің бас сүйегін сындырыпты. Ене мен келін сол жерде жан тапсырды. 61 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

ІІД деректеріне қарағанда, қылмыскерлер кәсіпкердің 30 жастағы ұлын бастан ұрып естен тандырған көрінеді.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.

Жедел тергеу тобына ІІД бастығының бірінші орынбасары Арманбек Баймұрзин жетекшілік етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны