02.07.2012, 09:18 2596

Каспий теңізінде түбі тесілген "Найза" шекара кемесі суға батып кетті

Батыс өңірінің әскери прокуроры Талғат Бекбергенов бұған дейін хабарлағандай, 28 маусымда кеме қозғалыс кезінде белгісіз бір затқа соғылып, зақымданған. Экипаж қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Атырау. 2-шілде. Kazakhstan Today - Каспий теңізінде түбі тесілген "Найза" шекара кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Батыс өңірінің әскери прокуроры Талғат Бекбергенов бұған дейін хабарлағандай, 28 маусымда кеме қозғалыс кезінде белгісіз бір затқа соғылып, зақымданған. Экипаж қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Оралдан таратылған ресми емес ақпаратқа қарағанда, Жайық өзеніне понтондар жеткізілетін болады. Оның көмегімен шекарашылар кемені көтеруге тырысады.

"Каспий" өңіраралық көлік бақылау инспекциясы хабарлағандай, шекарашылар нақты ақпарат беруден әзірге бас тартып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны