18.02.2008, 12:45 2077

Каспий теңізінде Изербайжанның әскери МиГ-29 ұшағының қалдықтары мен бір ұшқыштың мәйіті табылды

Каспий теңізінде Изербайжанның әскери МиГ-29 ұшағының қалдықтары мен бір ұшқыштың мәйіті табылды

Баку. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінде жексенбі күні құтқарушылар Изербайжанның әскери МиГ-29 ұшағының қалдықтары мен бір ұшқыштың мәйітін тапты, деп хабарлайды агенттік осы елдің ANS телеарнасына сілтеме жасай отырып.

"Жексенбі күні жағалаудан 6 шақырымдағы 17 метр тереңдікте ұшақтың қалдықтары мен бір ұшқыштың денесі табылды. Оқиға орнына ұшақтың қалдықтары мен ұшқыштың мәйітін көтеру үшін сүңгуірлер мен арнайы техника жеткізілді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2008 жылдың 29 қаңтарында оқу жаттығуларын орындап жүрген МиГ-29 әскери ұшағы Бакуге жақын жерде теңізге құлап түскен. Ұшақтың апатқа ұшырауына және экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты Изербайжанның әскери прокуратурасы ұшу техникасының қауіпсіздігі сақталмағандығынан туындаған адамдардың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ұшақ апатының себеп -салдары анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны