04.01.2008, 18:04 3234

Каспийде жоғалып кеткен балықшыларды іздестіруге үш тікұшақ жұмылдырылған

Каспийде жоғалып кеткен балықшыларды іздестіруге үш тікұшақ жұмылдырылған

Ақтау. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Каспийде Қазақстанның аумақтық суларында 3 қаңтарда жоғалып кеткен балықшыларды іздестіруге қазірде Қазақстан жағынан екі, ал Ресей жағынан бір тікұшақ жұмылдырылған. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР ТЖМ төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қажымұрат Хайрушев хабарлады.

Оның айтуынша, бүгін , 4 қаңтарда болжамды іздеу аямағына Маңғыстау облыстық ҰҚКД мен "Аджип ККО" компаниясы бөлген тікұшақтар жіберілді. Іздестіру аймағында, сондай -ақ, Ресейдің К-27 тікұашғы жүр.

Қ. Хайрушевтың хабарлауынша, кеше, 3 қаңтар күні кешке ТЖМ департаментінің кезекші пультіне Каспий теңізінің Қазақстандық аумақтық суларында 20 балықшы мұз құрсауында қалды деген ақпарат келіп түскен. "Бұл ақпаратты төтенше жағдайлар қызметкерлері өз арналары бойынша Ақтау және Баутино теңіз айлақтарының қызметкерлеріне, шекарашыларға, Каспийде кеме қатынастына қатысушы "ҚазМорТрансФлот" және "Аджип ККО"АҚ компанияларына жеткізген", -деді департамент төрағасы.

Оның айтуынша, қатты аязға және Баутино мүйісінің маңында теңіз суының тез қатуына байланысты жағдай тіптен қиындай түсуде. Адамдардың жүрген жері жөнінде нақты ақпараттардың жоқтығы да іздестіру жұмыстарына көмек бола алмай отыр. "Бізге мұзжарғыш үлгідегі кеме немесе көбірек тікұшақ тарту қажет", - деді Қ. Хайрушев.

Оның айтуынша, іздестіру жұмыстары жөніндегі қандайбір ақпаратты бүгін кешке, іздестіру топтары келгеннен кейін алуға болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымызадй, 3 қаңтарда Каспий теңізінде 20 балықты мұз құрсауында қалған, олар 2007 жылдың 27 желтоқсанында Дағыстан жағалауынан теңізге шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны