01.06.2023, 14:56 14526

Каспий теңізінің Ақтаудағы жағалауы бір бөлігі қара түске боялды

Аталған дерек бойынша департамент мамандары теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді
Әлеуметтік желіде Каспий теңізінің Ақтаудағы 4 шағынаудандағы жағалауының қара түске боялғаны көрсетілген бейнежазба тарады. Маңғыстау облыстық экология департаменті теңіз суының өзгеруіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Inform.kz.

Департамент мамандары 4 а шағынауданы теңіз жағалауының қара түске енуіне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізген.

Аталған дерек бойынша департамент мамандары теңіз жағалауына шолу жұмыстарын жүргізді. Шолу барысында аталған аумақта табиғи құбылыстар нәтижесінде жылдар бойы жиналған, өлі балдырлардың шіруі мен теңіз түбі лайының (иловые осадки) жоғары көтерілуі салдарынан теңіз түсі өзгеріске ұшырағаны анықталды", - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен.


Мамандар қазір 4 а шағынауданындағы теңіз жағалауын ірі техниканың көмегімен тазалау жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімшілігіне тазалық жұмыстарын ұйымдастыруды сұрап, хат жолдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны