15.01.2008, 18:13 3358

Қазақ шекарашылары бір аптада шекарадан өтпек болған 187 заң бұзушыны құрықтады

Қазақ шекарашылары бір аптада шекарадан өтпек болған 187 заң бұзушыны құрықтады

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ шекарашылары бір аптада шекарадан өтпек болған 187 заң бұзушыны құрықтап, 37 контрабандалық оқиғаның алдын алды. Бұл жөнінде агентікке ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақ шекарашылары бір аптада шекарадан өтпек болған 187 заң бұзушыны құрықтап, 37 контрабандалық оқиғаның алдын алды. Сондай-ақ, 7 келі есірткі заты тәркіленіп, 2 млн теңге ақша, 34 тонна халық тұтыну тауары табылды", - деп хабарлады баспасөз қызқметіндегілер.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Шығанақ" бекетінде 11 қаңтарда Ресей бағытында екі көлікпен кетіп бара жатқан екі Қазақстан азаматы ұсталды. Олар шекара бекетін айналып өтпекші болған. Олардың көлігінде 1162 тоты құс - тірі жүк табылды.

"Айша бибі" бекетінің шекарашыларының наряды 12 қаңтарда Қазақстаннан Қырғызстанға өзінің жүк көлігімен 3 тонна көлемінде контрабандалық бидайды бақылау пунктін айналып өтпекші болған Қырғызстан азаматын құрықтады.

Сонымен қатар, 13 қаңтарда "Дархан" заставасында Сарыағаш шекара отряды 17 тонна қара металды әкетпекші болғандардың әрекетіне тосқауыл қойды. Қазақстанға контрабандалық жүкті "КамАЗ" көлігімен Өзбекстан азаматы кіргізбекші болған, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны