08.02.2008, 12:46 2586

Қазақ шекарашылары шекарадан заңсыз өтпекші болған жеті Өзбекстан азаматын қолға түсірді

Қазақ шекарашылары шекарадан заңсыз өтпекші болған жеті Өзбекстан азаматын қолға түсірді

Алматы. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ шекарашылары шекарадан заңсыз өтпек болған жеті Өзбекстан азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК Шегкра қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қазақ-өзбек шекарасында 7 ақпанда (Жуантөбе шегара күзетінің учаскесінде) Өзбекстанның жеті азаматы ұсталды.

"Олар Өзбекстаннан келіп, шекарадан заңсыз өткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні шекарадан заңсыз өткен өзбек азаматтарына қатысты жағдай анықталып жатыр.

Сонымен қатар, шекара қызметінің мәліметтері бойынша, 7 ақпанда Қазақ -Қырғыз шекарасында "Сыпатай батыр" күзетінің шекара жасақшылары шекарадан заңсыз өтпекші болған Қырғызстан азаматы құрықталды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, ұсталған азаматты тексеру кезінде оның қалтасынан 99 мың теңге және 15 900 қырғыз сомы көлемінде ақша табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны