20.02.2008, 12:49 2374

Қазақ-қырғыз шекарасында Қырғызстанға контрабандалық ұнды тасымалдау және Ресейге валютаны кіргізу әрекеттеріне тосқауыл қойылды

Қазақ-қырғыз шегарасында Қырғызстанға контрабандалық ұнды тасымалдау және Ресейге валютаны кіргізу әрекеттеріне тосқауыл қойылды

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ-қырғыз шекарасында Қырғызстанға контрабандалық ұн тасымалдау және Ресейге валюта кіргізу әрекеттеріне тосқауыл қойылды, деп хабарлады агенттікке Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сейсенбі күні "Сортөбе" шекара күзет қызметі қазақ-қырғыз шекарасында бір тоннадан аса ұнды көлігіне тиеген Қырғызстан азаматын құрықтады. Қырғызстанға ұнды жеткізбекші болған адамның қолында тауардың құжаттары болмай шықты. Ол "Қордай" кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Сонымен қатар, 19 ақпанда "Оралтөбе- авто" бекетінде шекарашылар Ресейге көлікпен бағыт алған Қазақстан азаматшасын ұстады. Оны тексеру басында сөмкесінен декларацияда көрсетілмеген $31 700 табылды. Заң бұзушылыққа барған азаматша "Оралтөбе-авто" кеден бекетінің қызметкерлерінің қолына тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны