20.05.2016, 16:42 8556

Қазақ-Қытай шекарасында соқтығысқан жүк пойызыныӊ машинистерініӊ қалай аман қалғаны белгілі болды

Қазақ-Қытай шекарасында апатқа ұшыраған жүк пойыздарыныӊ қалдықтары әлі жиналып жатыр. Аса бағалы шикізат тиеген вагондарға түгелдей зақым келіп, оны тазартуға арнайы техника тартылған

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақ-Қытай шекарасында апатқа ұшыраған жүк пойыздарыныӊ қалдықтары әлі жиналып жатыр. Аса бағалы шикізат тиеген вагондарға түгелдей зақым келіп, оны тазартуға арнайы техника тартылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елімізден Қытайға бет алған жүк пойызыныӊ вагондарына темір концентраты тиелген екен. Ал Қытайдан келе жатқаны бос болған. "Достық-Алашаӊқай" халықаралық теміржол өткеліне жете бергенде, екеуі бетпе-бет соқтығысып, соӊы алапат өртке ұласты. Апатқа тежегіштіӊ істемей қалуы себеп. Бұзылған техника "Түрксібтранстасымалы" компаниясына тиесілі екен. Құдай сақтап, машинистіӊ екеуі де дер кезінде секіріп аман қалған. Қазір апат орнында шашылған темір концентратын жұмысшылар арнайы техникамен тазартуда? деп хабарлайды http://www.ktk.kz/ тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны